Мемлекеттік қызметтің беделі

(0 Votes)

"Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген халқымыз бүгінгідей тәуелсіздік тұғырын нықтап, тұрақтылықты қалыптастыруы - мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарының оң нәтижесі деп білемін.

Мұндайда халықты өркениет көшіне жетелейтін ең алдымен мемлекеттік қызмет тізгіндегі азаматтарға зор жауапкершілік жүктейді. Халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып асқақтату, әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

– Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отыр. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында қазіргі заманға сай мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру керектігін атап көрсетті. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметте жаңа кадрлардың, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл қызметкерлердің елге қызмет етуде құлшынысы артып, жауапкершілігі нығая түседі. Ауданымызда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер жұмыста қарапайым, өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сондықтан ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауылымыздың дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой.

Ж.М Аяшова,

Азғыр ауылдық округ әкімінің аппараты бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT