Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» деген еді. Аталы сөз арада жүз жылға жуық уақыт өтсе де мәні мен маңызын жойған жоқ.
Әркім әр салада шама-шарқы жеткенше қызмет етіп жүр. Сол маңызды міндеттің аса бір ауыр жүгін мемлекеттік қызметшілер арқалап келеді.Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы-бірінші кезекте мемлекеттің қызметкердің еңбегіне байланысты. Елімізде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің тиімділігін, беделін арттыру жұмыстары уақыт талабына сай жүргізіліп келеді. Мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені анық. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті- халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекетік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Сонда мемлекеттік қызметтің беделі де жоғары болмақ.
Жаманкулова Айымгул,
Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы