Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті

(0 Votes)

Атырау облысында кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті.

Спорттың 8 түрінен өткен жарысқа 24 команда 600-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, тартысты додаға түсті.  Сондай-ақ, ағымдағы жылы ұлттық спортты ұлықтау мақсатында «Садақ атудан» жарыс өткізілді. 

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Булат Исаков, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мурат Утешов, Департамент басшысының орынбасары Айнур Енсегенова, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нуржауган Тулеуова және облыстың құқық қорғау қызметі органдарының басшылары қатысып, барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, спорттық ойындарда жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 Спартакиада нәтижесінде шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, бильярд, жүзуден және садақ атудан мықтылар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен марапатталды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Атап айтсақ:

тоғызқұмалақ– Қызылқоға Ауданы Әкімдігі (I орын);

үстел теннисі – ​ Құрманғазы Аудандық Әкімдігі (I орын);

қазақ күресі – ​ жалпы командалық есеппен Қызылқоға ауданы әкімдігі (I орын);

бильярд – ​облыстық Қазынашылық департаменті (I орын);

жүзу – жалпы командалық есеппен облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті (I орын);

шағын футбол – Атырау облысының әкімдігі (I орын);

волейбол – ​ облыстық Қазынашылық департаменті (I орын);

садақ ату – ​ Атырау облысы әкімдігінің командасы үздіктер қатарынан көрініп, I орынды иеленді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT