Мен ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте еңбек еткен жан ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған цифрлық өзгерістерге байланысты бастамаларын дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Бұрынғы кезеңдерде көптеген процестер қағазбастылық пен бюрократияға байланысты баяу жүретін. Ал жасанды интеллект пен цифрландыру мемлекеттік қызметті айқын, тиімді әрі халыққа барынша қолжетімді етеді. Бұл – мемлекеттік басқаруды жаңа сапалық деңгейге көтеретін тарихи қадам. Әсіресе, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуда осы бастамалардың ықпалы зор болмақ.
Жайдарбек Зайдуллин,
Мемлекеттік қызмет саласының ардагері