Мемлекеттік қызметкерлер жиналып смартфон алып берді

(0 Votes)

Енді санаулы күндерден кейін аудан көлеміндегі мектептерде жаңа оқу жылы басталады.

Еліміздегі орын алған ахуалға орай ол биыл онлайн түрде өтпек. Осыған орай көп балалы, аз қамтылған отбасылары назардан тыс қалмауы тиістігі айқын нәрсе. Қасиетті Құрманғазы топырағы жомарт жандарға кенде емес екенін дәлелдеп жылда оларға жергілікті жердегі кәсіпкерлер қол ұшын беріп қамқорлық жасайды. Оған мемлекеттік қызметкерлер де өз атсалысуда.

bajda-tel1

Жақында ғана «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен Байда ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері жалақыға қарап отырса да ортақ істен шет қалмай округтегі көп балалы ана Тілекші Тастанбековаға қолдау көрсету мақсатында өз қаражаттарын жинап смартфон алып, тарту етті. Т.Тастанбекова өз тарапынан оқу жылының алдында жергілікті әкімдік тарапынан отбасына осындай қамқорлық жасалып жатқаны үшін шексіз ризашылығын білдірді.

bajda-tel3

Округ көлемінде орналасқан «Тілекші» ЖШС-нің басшысы Орынбай Ахметов пен шаруа қожалығының жетекшісі Мүбарак Ахметқалиев те аз қамтылған мұқтаж отбасының оқушы баласына жаңа оқу жылы қашықтықтан оқытумен басталуына орай демушілік жасап смартфон әперді. Округ әкімі Жүсіп Төреғалиев аталған азаматтарға алғысын айтып, оқушыларға оқу жылы сәтті басталып жақсы аяқталсын деген ізгі тілегін жеткізді. Ауданымызда осындай игі істер алға қарай да жалғасын таба береді деген сенімдеміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT