Мемлекеттік қызметкерлер көмек қолын созды

(0 Votes)

Қазір індет таралуына байланысты медицина қызметкерлерін көлікпен қамту алдыңғы кезекке шығуда.

«Жедел жәрдем» қызметіне түсетін хабарлар көп. Дәрігерлеріміз бен медбикелеріміз түнімен жүреді. Біріне барса, келесісі күтіп қалады. Сол себепті шақырғанда уақытында келмейді деген реніштер туындап жатады. Ол орынды. Біріншіден тұрғындар «Жедел жәрдемнің» қол қусырып бір жерде отырмайтынын қайдан білсін?! Екіншіден, ауырып жатқан адам шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. «Қазір барады», дегенге қанағаттанбай дер кезінде келгенін сұрайды. Себебі адам өмірі қыл үстінде жатуы да мүмкін. Алайда, астында көлігі болмаса медбике оған қалай бармақ?

Міне, осындай жағдайда мемлекеттің басты байлығы адам денсаулығын сақтау мақсатында ауданымыздың атқарушы органдары дәрігерлерге көмек қолын созды. Аудандық емханада кезекшілік атқаруға мемлекеттік органдардан екі бірдей «Нива-Шевролет» автокөлігі бөлінді. Олар аудан әкімі аппараты мен аудандық экономика және қаржы бөліміне тиесілі. Мақсат біреу ол шақыртқан науқастардың үйлеріне жедел жетіп, қажетті ем-домдарын жасау. Аталған көліктер аудан әкімі Қайрат Талапұлы бекіткен кестеге сәйкес кешкі сағат 22.00 мен таңғы 06.00-ге дейін хабар түскен мекенжайларға медбикелерді тасымалдайды. Бұл шақырту түскен жерге көп кешікпей жетіп, уақытымен ем жасауға септігін тигізіп,медициналық көмектің көрсетілуін жеделдетеді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT