Еліміз егемендік алған күннен бастап, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аударылды.
Осы орайда Елбасының Жарлығымен ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыс қалыптары регламенттелген жаңа Әдеп кодексі қабылданды.
Жауапты тұлғалардың оң имиджін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің саясатымен тығыз байланысты. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адмдармен қарым-қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші. Әрбір маман кез-келген жағдайдан жол тауып, өз сезімін басқара білуі керек.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилік пен адамгершілік қасиетті ұштастыра білген абзал. Әсіресе, бүгінгі күні, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта өз беделдерін жоғалтпағандары жөн.
А.Мусин,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы