26.12.2019 жылы аудандық орталық аурухана ғимаратында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен кезекті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» және «Халық заңгері» акциясы өтті.
Шара барысында тұрғындарға консультациялық – әдістемелік көмектер және құқықтық кеңестер берілді. Оған білім, әлеуметтік, жер, тұрғын үй, ахаж, құрылыс салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар, кәсіби адвокат және прокуратура, әділет басқармасы, зейнетақы, полиция бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.
Аталған жәрмеңке жыл басынан бері Теңіз, Нұржау ауылдық округтерінде 2 рет ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету бойынша» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімінде өткізілген болатын.