Мектептерде санитарлық талап қандай деңгейде?

(0 Votes)

Бүкіл әлемді өрттей шарпыған коронавирус пандемиясының адамзат өміріне үлкен өзгерістер әкелді.

Осыған орай, өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қашықтан оқу жүзеге аса бастады. Білім саласында көптеген өзгерістер келіп енді. Бүгінде мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша санитарлық ережелерге сәйкес 1-4 сыныптар үшін кезекші топтар ұйымдастырылды. Оның қызметі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

img_4654

Міне, жаңа оқу жылында бұл міндеттердің қалай жүзеге асырылып жатқанын зерделеу үшін аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров бастаған лауазым иелері рейдке шықты. Алдымен аудан орталығындағы Абай жалпы орта мектебіндегі санитарлық талаптардың орындалуын тексерді. Білім ошағының алдына қойылған дезинфекциялық өткел кірген адамды антисептикпен залалсыздандырып тұр. Дәлізде медбике әрқайсысының қызуын термометрмен өлшеуде. Кіре берістен бастап оқушының сыныпқа дейінгі кіріп-шығуына ыңғайлы етіп қызыл, жасыл жолақтар сызылған. Мұғалімдерге және балаларға бөлек толтырылатын термометрия журналын тексерген аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров кейбір сын-ескертпелерін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров термометрдің үнемі дұрыс жұмыс жасауын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сыныптарға кірген лауазым иелері білім алушыларға бетпердені не үшін тағу керектігін түсіндірді. Бір топтағы сыйымдылық 15 баладан аспауда. Сыныпта да термометрия журналы толтырылады. Ж.Бектеміров оған балалардың дене қызуының көрсеткіштерін толықтай жазып отыруды міндеттеді. Абай атындағы жалпы орта мектепте 1-4 сыныптар үшін 24 кезекші топ ұйымдастырылған. Онда 364 шәкірт білім алуда. 56 бала онлайн форматында оқуда.

img_4635

Ломоносов атындағы жалпы орта мектепте де санитарлық гигиена талаптары қатаң сақталғандығына көзіміз жетті. - Ата-аналар балаларды оқу күні басталғанға дейін мекеменің алдыңғы есіктеріне ертіп барады және сабақ аяқталғаннан кейін оларды кіре берісте қарсы алады. Сыныптар әр сабақтан соң желдетіліп, кварцпен өңделеді, - деді мектеп директоры Толқын Ажығалиева. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған оқушылар жасыл жолақпен білім ошағына кіріп, қызыл түс белгіленген сызықпен шығуды әдетке айналдырғанын байқадық. Әр сынып бөлмелеріндегі есіктің алдына қорғаныш құралдарын қалай пайдалану қажеттігі тайға таңба басқандай анық көрсетіліп жазылған.

Бұдан кейін Әуезов, Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептеріне бас сұққан лауазым иелері мұғалімдер мен шәкірттердің барлығы маска тағу режимін қатаң сақтап жүргендігіне көз жеткізді. Термометрия журналдары мен қызу өлшейтін құралдың жұмысын тексерді. Білім ошағына кіре берістен бастап әр бұрышта санитайзерлер орналастырылған. Мектеп директорлары Гүлжанат Қалиева, Марат Ғилаев дезинфекциялық сұйықтық қорлары жеткілікті екенін, онымен қоса, әр оқушы өзімен бірге антисептик ұстап жүретінін жеткізді. Ғимарат ішіндегі әжетханалар да мұнтаздай тазалықты сақтаған.

img_4665

Бүгінде сала мамандары коронавирус балаларда жеңіл өтеді дегенді айтады. Дегенмен, қазір арқаны кеңге салатын уақыт емес. Ата-ана өзінің перзентін білім алсын деп мектепке сеніп тапсырғаннан кейін оған педагогикалық ұжым үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Қайткен күнде де үрпақ денсаулығы мен өмірі маңызды болып қала бермек.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521