Мектептер модернизациядан өтті

(0 Votes)

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім алумен қатар,

жеке тұлғаның дамуына толықтай жағдай жасау болып табылады. Бұл ретте мектептерді заманауи үлгіде жабдықтаудың алар орны ерекше.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты

өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарына модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен алдағы бес жылға жоспарланып, барлық мектептерді қамтиды. Балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, мектеп жиҺаздарын жаңарту (дәліз), мектеп кітапханасы мен асханаларын заманауи үлгіде үйлесімділікпен жабдықтау – заман талабы. Осы орайда, 2021 жылы 5 мектепке (Абай, Қадыр Мырза Әлі, Оңғарсынова, Алтынсарин, Нұржау) модернизация жұмыстарына

135 572,0 мың қаржы бөлініп, мектепті жөндеу арқылы соңғы үдерістерге сай жаңарту жұмыстары жасалды.

Мектептердің кіреберіс дәлізі, кітапхана, асхана жаңа бағытта, заманауи үлгіде жабдықталып, білім ордаларының сәнін келтірді. Бұндай жұмыстар мектеп ұжымы мен оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектепке деген құрметтері мен ықыластарын арттыра түсті. Әр балаға қолжетімді әрі қолайлы ортаның орнауы рухани сұлулыққа бөлеп, білім алуға деген талап- тілектерін шабыттандыра түсті деуге болады.

Қадір Мырза Әлі атындағы мектеп дәлізінде білім ордасына есімі берілген қазақтың біртуар ақынына арналған бұрышжасақталды. Бұл бірінші кезекте

әр оқушы мен мұғалімдерге ерекше патриотизмдік рух беріп тұрғандай әсер қалдырады. Мектептердегі талапқа сай модернизацияланған кітапханалар оқушылардың руханиятқа құштарлығын оятса, әсем безендіріліп, құнарлы тамағын ұсынатын асхана балалардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді. Жаңғыртудың, жаңаға ұмтылудың, тиімділігін арттырудың жақсы нәтижелерін оқушылармен қатар ата-аналар да лайықты бағалап, оң пікірлерін білдіруде.

 

Е.БАЯРОВ, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT