МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНДЫРУ ТӘРТІБІ

(0 Votes)

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым министірінің  2020 жылғы 24 сәуірдегі  №158 бұйрығы  10-қосымшада  «Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білімалушылар  мен  тәрбиеленушілердің  жекелеген  санаттарына  тегін  және  жеңілдетілген  тамақтандыруды  ұсыну»  мемлекеттік  қызметті  көрсету  қағидаларына  сәйкес  мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі

«Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  жекелеген  санаттарына  тегін  және  жеңілдетілген  тамақтандыруды  ұсыну»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті білім  беру  ұйымдарына  немесе  портал  арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға  сәйкес  «Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  жекелеген  санаттарына  тегін  және  жеңілдетілген  тамақтандыруды  ұсыну»  мемлкеттік  көрсетілетін қызмет  стандартында  көзделген  құжаттарды  қоса  бере  отырып, осы  Қағидаларға 

1-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  өтініш  арқылы  береді.

Egov-порталы   E-quzmet өтініш берген  жағдайда  көрсетілетін  қызметті  алушының  «жеке  кәбинетіне»  мемлекеттік  көрсетілетін қызметке  сұрау  салудың  қабылданғаны  туралы  мәртебе,  сондай-ақ  мемлекеттік көрсетілетін  қызмет  нәтижесін  алу  күні  мен  уақыты  көрсетілетін  хабарлама  жіберіледі.

Көрсетілетін  қызметті  беруші  құжаттарды  алған  сәттен  бастап 1(бір)  жұмыс  күні  ішінде  ұсынылған  құжаттардың  толықтығын  тексереді.

Көрсетілетін  қызметті  алушы  құжаттар  топтамасын  және  (немесе)  қоданылу  мерзімі  өткен  құжаттарды  толық  ұсынбаған  жағдайда  көрсетілетін  қызметті  беруші    өтінішті  қабылдаудан  бас  тартады.

  • Көрсетілетін қызметті  алушының  ЭЦҚ- арқылы  немесе   бір  рет  пайдаланатын  құпия сөзбен  куәландырылған  көрсетілетін  қызметті  алушының ұялы  байланыс  операторы  ұсынған  абоненттік  нөмірі  порталдың  есеп жазбасына    тіркелген  және  қосылған  жағдайда  электрондық  құжат  нысандағы  өтініш.
  • АХАЖ АЖ-де  мәліметтер  болмаған  жағдайда  не  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  туылған жағдайда  баланың  туу  туралы  куәлігінің  электрондық   көшірмесі; 
  • АХАЖ АЖ-де  мәліметтер  болмаған  жағдайда  не  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  некеге  тұрған  немесе  бұзған  жағдайда  некеге  тұру  немесе  бұзу  туралы  куәліктің  электрондық  көшірмесі;
  • Мәртебесін растайтын  құжаттың  электрондық   көшірмесі;

Мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмекті  алуға  құқығы  бар  отбасылардан  шыққан  балалар  үшін -  көрсетілетін  қызметті  алушының(отбасының)  жергілікті  атқарушы  органдар  ұсынатын  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмекті  тұтынушылар  қатарына  жататынын  растайтын  анықтама;                              жанбасына  шыққанда  орташа  табысы  күн көріс  деңгейінен  төмен, мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  алмайтын  отбасылардан  шыққан  балалар  үшін  -  алған  табысы  туралы құжаттар(жұмыс  жасайтын  ата-аналардың  немесе  олрады  алмастыратын  адамдардың  жалақылары  туралы  кәсіпкерліктен  және  басқа да қызмет  түрлерінен  түсетін  табыстары  туралы, балаларға  және  басқа  да  асырауындағыларға  төленетін  әлимент  түріндегі  табыстары  туралы   анықтама);  отбасында  тәрбиеленетін  жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  үшін  - жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған, отбасыда  тәрбиеленетін  балалар  үшін  қорғаншылықты  (қамқоршылықты), патронаттық  тәрбиелеуді  бекіту  туралы  уәкілетті  органның  шешімі; 

Төтенше  жағдайлардың  салдарынан  шұғыл  көмекті  талап  ететін  отбасылардан  шыққан  және  білім  беру  ұйымының  алқалы  басқару  органы  айқындайтын   білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  өзге де   санаттарына  жататын  балалар  үшін - отбасының  материалдық –тұрмыстық  жағдайын  тексеру  негізінде  алқалы  орган  айқындайды.

Құжаттарды   тексеру  қорытындылары    бойынша   көрсетілетін  қызметті    беруші  3(күн)  жұмыс  күні  ішінде  нысан  бойынша  жалпы  білім  беретін мектептердегі  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  жекелеген  санаттарына    тегін  және  жеңілдікпен  тамақтандыруды  ұсыну  туралы   анықтаманы   не  мемлекеттік   қызметті  көрсетуден  бас  тарту  туралы  дәлелді  жауапты   дайындайды.

Көрсетілетін  қызметті  беруші  1 (бір)  жұмыс   күні  ішінде  анықтаманы   не  мемлекеттік қызмет  көрсетуден  бас  тарту  туралы  дәлелді  жауапты  мемлекетін  қызметті  алушыға  жолдайды.

Ф.Оңғарсынова  мектебі  бойынша  «Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылар мен  тәрбиеленушілердің  жекеленген  санаттарына  тегін  және  жеңілдетілген  тамақтандыруды  ұсыну»   мемлекеттік  қызметті  көрсету  тәртібі  бойынша   egov-порталымен   E-quzmet арқылы, өтінішін  берді.  «Жалпы  білім   беретін  мектептердегі  білім  алушылар мен  тәрбиеленушілердің  жекеленген  санаттарына  тегін  және  жеңілдетілген  тамақтандыруды  ұсыну» туралы  толықтай  ақпаратты  6-15-18 тел  арқылы  білуге  болады.

А.Б.Хайырхановна

Ф.Оңғарсынова  атындағы  жалпы  орта  мектебінің 

әлеуметтік педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521