Мектепте жылыжай ашылды

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында «EcoBatys» экологиялық жобасы аясында Манаев атындағы орта мектепте «Шелл Қазақстан» компаниясының және «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қоры салған мектеп жылыжайының салтанатты ашылуы өтті.

Жиында сөйлеген аудан әкімі Марат Мурзиев инновациялық, жаңартылған бағдарлама бойынша білім беретін мектеп үшін жылыжайдың орыны ерекше екенін, мұны қолға алудағы мақсат – өнімнен пайда табу емес, оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруды, еңбекке баулуды, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етуді көздейтінін атап өтті.

Бұл игі бастаманы жүзеге асырған «Құрманғазы – туған жер» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Азамат Абдуллаев жылыжайда егін өсіруді зерттеп барып, мектеп оқушыларын сапалы табиғи өніммен қамту, көгалдандыру арқылы ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу бағытында қолға алынған ісі екенін айтып, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талғат Жаудин екеуі нысанның кіреберісіне керілген лентаны салтанатты түрде қиды.

z

z

Мектеп оқушылары үшін тәжірибе алаңына айналған жылыжайда қияр, салат жапырағы, тұрып(редиска) сияқты көкөністер өнімін беріп тұр. Нысанда жылы еден арқылы қолайлы температура ұсталынады. Өскіндерге нәр тамшылатып суғару жүйесі арқылы беріледі. Тәжірибелі биология пәнінің мұғалімдерінің ақылымен оқушылар егілген көкөністерді бақылап, ауруға ұшырамауын, дұрыс өсуін қадағалайды.  Теория мен практиканы ұштастыруға септігін тигізетін бұл шағын заманауи жылыжай білім саласындағы айтулы жетістік десек артық айтқандық емес.

z

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT