Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің деген екен дана халық. Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінсек, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағанда оларға да болса игі еді» деген екен.
Осындай игі істің бастамасы болып З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернатында өткізіліп жатқан республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. Солардың бірі «Береке» сауда үйінің басшысы, жеке кәсіпкер Нұрболат Қабдоловтың демеушілігімен әлеуметтік осал топтағы 10 балаға 300 мың теңге көлемінде киім кешекпен көмек жасады.
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор.
Ажар Утегенова, Гулназ Қартжанова,
З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты Әлеуметтік педагог
фото: ашық дереккөзден