Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға қол ұшын созып, уақытында қолдау көрсетіп, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып жұмыс атқарып жүргеніңіз бізге мәлім.
Сіздің көрсетіп отырған көмек қолдауыңыз талай жандардың өмірге деген құлшынысын арттырып отырғаны белгілі. Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әкімшілігі 2023 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған және ата - ананың қамқорлығынсыз қалған балаларына жаңа оқу жылына қажетті материалдық көмек беруге қол ұшын береді деп сенім білдіреді. Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Ғ.Мүсірепов,
атындағы жалпы орта мектебі әкімшілігі