«Мектепке дейінгі ұйымға балаларды кезекке қою»

(0 Votes)

Құрметті ата-аналар!

Егер сіз балаңызды балабақшаға орналастырғыныз келсе төмендегі мәліметпен танысыңыз.

  • Кезекке қою туралы өтініш kz сайты арқылы ғана беріледі. Өтінішті беру процесінде өтініш беруші мынадай ақпаратты көрсетуге міндетті:
  1. Қолданыстағы екі мобильді телефон нөмірі
  2. Заңды өкілдің ЖСН-і
  3. Баланың ЖСН-і.
  • Мобильді нөмерлер өтінішті беру процесінде бір реттік құпия сөздерді жөнелту үшін керек. Әрі қарай, кезекке қойғаннан кейін, нөмірлер өтініш берушінің жеке кабинетін құру және іске қосу және электрондық хабарламаларды жөнелту үшін қолданылатын болады..
  • Егер бала мектепке дейінгі ұйымға барып жүрген болса да, кезекке қою туралы өтінішті қайта беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте, егер баланың жасы 6 (алтыға) толған болса, кезекке тұруға болмайды.
  • Кезекке қою туралы өтініш берген кезде баланың тұрып жатқан жері маңызды емес.
  • Кезекке қою туралы өтінішті беру құқығы баланың заңды өкіліне ғана тиесілі: ата-анасына немесе заңды өкіліне (қамқоршысына). Өтініш беру және бала туралы мәліметтер баланың және заңды өкілінің ЖСН-дері бойынша автоматтық түрде «Indigo.kz» жүйелерімен ұсынылады. Заңды өкілдерінің туыстық байланысы мен құқықтары да автоматтық түрде айқындалады.
  • Егер «Indigo.kz» жүйелерінде қажетті ақпарат болмаса немесе ол дұрыс емес болса, өтініш беруші мәліметтерді жаңалау үшін уәкілетті органдарға жолығуға тиіс.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын өтініш берушілер, ЖСН-дері болған жағдайда ғана, кезекке қою туралы өтінішті бере алады.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың ЖСН-дері міндетті түрде болуға тиіс.
  • Бала, кезектен тыс немесе бірінші кезектегі жеңілдігі расталған жағдайда, кезектегі жеңілдік орынға үміткер бола алады. Егер жеңілдіктері болса, жүйе бірінші кезектегі жеңілдіктедің болуын автоматтық түрде айқындайды. Кезектен тыс жеңілдікті растау үшін өтініш беруші тиісті құжаттың скан-көшірмесін ұсынуға тиіс.

* Белгілі қағидаларды орындап мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған жағдайда төмендегі құжаттарды жинақтау қажет:

  1. Баланын фотосы
  2. Денсаулық паспорты
  3. Баланын денсаулығы жөніндегі анықтама
  4. Жарна төлеуге арналған ата-ананың банк реквизиті
  5. ЭЦҚ кілті

 

  • kz сайтында жеке кабинетіндегі «менің жолдамаларым» батырмасын басып ,белгілі жолдама алынған балабақшамен осы құжаттардың скан көшірмесін енгізіп,сұраған мәлімет жиектерін толтырып ЭЦҚ кілтімен келісім шартқа қол қояды.
  • Келісім шарт жасасу аяқталғаннан кейін,белгілі балабақшаға барып қолдағы қағаз құжаттарын тапсырып,балабақша маманына келісім шар жіберілгенін ескертіп айтады.

 

Назарларыңызға рахмет!! !Құрманғазы ауылы

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының әкімшілігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT