"Мектеп туризмі" жарысы өтті

(0 Votes)

Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.

Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бос уақыт дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс - әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс - шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану, мектеп жанындағы туризм үйірмелерінің жұмыстарын жандандыру, туризм арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 10 маусым күні Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті «Мектеп туризмі» жарысын ұйымдастырды. Жарысқа аудан мектептерінен Абай, Ломоносов, Шортанбай, Сәрсембаев, Манаев, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Жарыс екі кезеңнен бөлінді

zhazy-turizm2

1. Туристік техника

- Байлам түрлерін түйіндеу.

- Тасты өткелден өту.

- Кедергі астымен жорғалап өту

- Судың үстіндегі керілген арқан мостан өту

- Судың үстіндегі керілген арқаннан өрмелеу

- Кедергілер жолағынан аттап өту

- Ағашқа байланған арқанның көмегімен бөгеттің үстінен

секіру

- Алғашқы медициналық көмек көрсету бөлімдерінен құралса

2. Бағдарлау

- Карта немесе түсбағдардың (компас) көмегі бойынша бағдарлау.

Оқушылар туризм бағытдағы білім деңгейлерін және спорттық шеберліктерін көрсете төмендегі нәтижеге қол жеткізді. Жалпы командалық есеппен

І орынды Ақкөл жалпы орта мектебі

ІІ орынды Манаев атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орынды Ломоносов атындағы жалпы орта мектебіңің оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік шатыр» Ломоносов мектебі, «Үздік қабырға газеті» Манаев мектебі, «Үздік аспазшы» Шортанбай мектебі, «Үздік бағдарлаушы» Ақкөл мектебі, «Үздік ән» номинациясымен Манаев мектебі марапатталды.

zhazy-turizm4

zhazy-turizm1

zhazy-turizm

Жарыс қорытындысы бойынша оқушыларды диплом, медальдар мен марапатталды. Жарысымыз жақсы аяқталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Жарысқа қатынасушы балғын туристерімізге, үйірме жетекшілеріне алғысымызды айта отырып жеңісті күндеріңіз көп болсын деген тілегімізді білдіреміз!!!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT