Мектеп парламенті – белсенді оқушылар келбеті

(0 Votes)

Осындай тақырыппен облыстық семинар облыстық әдістемелік  орталықтың жоспарына сай ауданымыздағы Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектебінде өтті.

Облыс мектептері парламенті президенттерінің бас қосуына аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері К.Шошақова, А.Дюсенова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Медеуғалиева  және облыстық, аудандық мектептердің мектеп парламенті жұмысын үйлестіруші  тәрбие орынбасарлары  қатысты.

Алдымен мектеп фойесінде орналасқан парламенттердің тулары орнатылған тұғыр алдында «Jas Power» парламентінің президенті М.Ерсайнов келген қонақтарды салтанатты  түрде қабылдағаннан кейін  Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінің "Парасат" парламентінің президенті А.Кабидуллина “Smiling Sun” көңіл-күй тренингін жүргізді. Мектеп директоры С.Жұпарғалиев қатысушыларға қош келжіңін айтып, облыстық әдістемелік орталығының әдіскері К.Шошақова семинар мақсатымен таныстырды.  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Жас талант» хор ұжымының, Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектебінің «Жаснұр» аспаптық ансамблінің өнері, «Білім-тәлім талабы - жастықтың қару-жарағы» атты композициялық көрінісі тамашаланды. Мектеп парламентінің жетекшісі М.Молдашеваның іс құжаттарымен тәжірибе алмасылды.

Семинар барысында Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Samgau» парламентінің президенті Ж.Зұлпыхар «Еріктілермен өткізген әр сәттің өзі тамаша!» тақырыбындағы  РАФТ әдісімен қатысушылардың түскі астан кейінгі белсенді демалысы, «Jas Power» парламенті президентінің көмекшісі А.Қалидың жүргізуімен дебаттық пікір сайысы,  Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің парламент президенті М.Құзайырова мен құқық және мәдениет  фракциясының  мүшесі Ж.Амантай өткізген коучинг, Ақкөл жалпы орта мектебінің «Жас талап» парламентінің ақпарат фракциясының  мүшесі А.Жетесова еркін микрофон желісінде сұхбат алуды ұйымдастырды.

Келесі кезеңде «Таратуға тұрарлық идеялар: ТEDX-жаңа  мүмкіндіктер алаңында: Абай  атындағы жалпы орта мектебінің «Темірқазық» мектеп парламентінің президенті Н.Идаят ТEDX форматында    мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарын құру  жолдарымен тәжірибе бөлісуге жұмылдырса, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің  «Болашақ» мектеп парламент президенті Д.Әділжанқызы кофе-брейк кезінде «Light time»  форматында шара өткізіп, қатысушылардың атынан естелік қолжазба қалдыру рәсімін жасады.

Семинардың салтанатты жабылуында Манаев атындағы жалпы орта мектебінің "Parasat" парламентінің президенті Н.Хапсихова онлайн  рефлекция жасаса, белсенділермен қоштасу сәтін Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі  "Жігер" парламентінің президенті Н.Ризабеков бастаған парламент мүшелері өткізді.

parlament1

Соңында облыстық әдістемелік орталығынан әдіскері К.Шошақова жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауқымды шараға оң бағасын беріп,  тәжірибе бөліскен аудан мектептері парламентінің президенттері мен осы жұмысты үйлестіруші директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарларына арнайы сертификаттар, облыстық семинарды ұйымдастырудағы белсенділігі үшін Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектебінің әкімшілігіне және бөлім әдіскері Т.Медеугалиеваға алғыс хатын табыстады.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT