«Amanat» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ақынжан Хусаинов, Оразғали Алғаязов, Қанат Ғұмаров Құрманғазы ауылдық округінің РТС ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысында болды.
РТС ауылындағы «Жайлы мектептің» де сырты қапталып, терезелері түгелге жуық орнатылған. Нысанның бас мердігері «Каспий Құрылыс LTD» ЖШС, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ. Техникалық қадағалаушы «Лидер» ЖШС. Мектеп құрылысында жұмыс жасап жатқан 112 адамның 60 пайызы жергілікті тұрғындар. Ғимараттың жоғары бітіп жатыр, соңғы бөлігі қалған. Едендерге кафелдер төселіпті. Инженерлік инфрақұрылымдармен қамтитын мердігер мекемелер де мұнда өз жұмыстарын бастапты.
– Үлкен спорт залының төбесі жабылуда. Кішісінің сырлауы қалып тұр. 139 орындық акт залының ішкі жағын қаптау жұмыстары жасалып жатыр. Жергілікті жұмысшылар кешкі сағат 18-ге дейін жұмыс жасайды, басқалары түнгі 1-2-ге дейін істей береді, – дейді прораб Жасұлан Ерғалиев. «Жайлы мектеп» осы жылдың соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.
Қанат ҒҰМАРОВ