Мектеп асханасына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар

Фото: ашық дереккөзден
(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №ҚР ДСМ- 76 «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар»» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бойынша балалардың дені сау, жан-жақты жетілген азамат болып қалыптасуы үшін мектептерге белгіленген санитарлық талаптар қойылады.

 Құрманғазы ауданы бойынша 32- білім беру обьектілері, 1- Зейнолла Серікқали атындағы мектеп интернаты бар. Мектеп асханаларында балалардың жаппай улануына жол бермеу, әр түрлі инфекциялық ауруларға шалдықпау және жалпы денсаулығына зиян келтірмеу қәзіргі таңда басым бағыттардың бірі болып қалады. Ол үшін мектеп асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз болуы тиіс. Мемлекеттік білім беру ғимараттарында орналасқан асханалар жеке кәсіпкерлердің меншігінде болып табылады.

Мектеп асханаларына төмендегідей бірқатар талаптар қойылады.

1) Ас хана үй-жайларына қойылатын талаптар: -мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы;

-үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы;

-Кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі;

-ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы;

-Жылу және ылғал болу жабдықтарының үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылуы;

-технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың жеткіліктіб олуы;

2)Асхана тазалығына қойылатын талаптар:

-күнделікті ылғалды тазалау және дезинфекциялаудың жүргізілуі;

-жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялау шаралар атқарылуы;

-асхана қызметкерлерінің медициналық байкаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы:

-дене қызуы көтерілген, жарақаттары, бар жұқпалы аурулармен қарым- қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнына шеттету;

-қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар-жабдықтардың жеткілікті болуы;

3) Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру:

-асхана қоймасына тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарымен ғана қабылдау;

-мекеме басшысы тарапынан бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес күнделікті асханада тамақтың дайындалуы;

-медициналық қызметкер немесе жауапты маман тарапынан дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізу;

-бракеражды комиссиясының қызметін белсендендіру: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі;

-білім беру обьектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін тағамдар дайындауға және өткізуге жол бермеу: қатық, сүзбе, айранды, туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді, кремі бар кондитерлік қнімлер мен тәттілерді , морстар мен квастарды, шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа, қаймақ қосылған салаттар, саңырау құлақтарды, тез дайындалатын құрғақ тағамдарды, екінші тағам, газғалдаған сусындар, минералды сусындар, тәтті алкогольсіз сусындар білім беру обьектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін азық-түліктерді пайдалануға жол бермеу;

-күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдыру керек. Жарлының байлығы тәннің саулығы дмекші Аталған талаптарды мектептерді жаңа оқу жылына дайындау барысында қатаң ұстану және орындау қажет. 

И.Г.Кожахметова,

Басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT