Мектебімізде "Бала тәрбиесіне байыппен қарайық! ата - аналар жиналысы

(0 Votes)

Саттар Имашев атындағы жалпы орта мектебімізде "Бала тәрбиесіне байыппен қарайық!" тақырыбында бірыңғай жалпы ата - аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:
1.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және ата - аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі.

2.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жиналысты мектеп директоры  Р.Сапаров жүргізді. Жиналысқа ауылымыздың әкімі Гүлжазира Қайратқызы,  учаскелік полиция инспекторы Серік Талғатұлы, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Куспанова Улболсын, , әкелер кеңесінің төрағасы Сүндетов Эдуард Юрьевич қатысты. Жиналысқа сынып ата - аналары мен 7-11 сынып оқушылары түгел қатынасты. Жиналыс барысында отбасындағы бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары,облыста болып жатқан келеңсіз жағдайлар, туралы айтылып, ата -аналар мен ұстаздар ой-пікірлерін ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT