МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

(0 Votes)

Соңғы қоңырау бір ғажап жиын екен, Қуаныш қой, сонда да қиын екен. Өйткені сен мектеппен қоштасасың Қоштасудың қашанда күйі бөтен Соңғы қоңырау бір ғажап жиын екен…

Бүгін мектебімізде Республикалық уақыт бойынша "Мектебім, саған мың алғыс" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

Шара шымылдығын мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы түлектер мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, білім шаңырағының мәртебесін көтеріп жүрген шәкірттер – республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаумен бастады.

Осы тұста мәслихат депутаты Ерлан Амантайұлы мен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Тоты Меңдіханқызы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Мектебіміздің соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша мектеп туы, "Жас Ұлан" ББҰ, "Темірқазық” өзін-өзі басқару ұйымының, “Жас жауынгер” патриоттық клубының туларын және Білім кілтін, спорт кубогын, өнер нотасын тапсыру салтанаты өткізілді.

Салтанатты шарада түлектер дайындаған вальс ұсынылып, ортада дөңгеленген құшақ биі биленді. Қияға қанат қаққалы отырған түлектер күміс қоңырауды сыңғырлатты.

Алтын ұя мектебімен және аяулы ұстаздарымен қимай қоштасып, қанаты жаңа қатайған жас қырандай алыс сапарларға, асқарлы биіктерге аттанғалы тұрған түлектерімізге Ақ жол,сәт сапар тілейміз. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT