МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

(0 Votes)
Ломоносов мектебінде республикалық уақыт бойынша "Мектебім, саған мың алғыс" атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.
 
Соғылды соңғы қоңырау.
Жетелеп бізді қияға.
Жылдарды тастап біз енді.
Сағымдай ескен саналы.
Достармен бірге жүгірген
Мектебім қалып барады.
Аяулы менің ұстазым!
Кездесерміз біз әлі.
Сыңғырла соңғы қоңырау
 
Шара шымылдығын мектеп директоры Ажгалиева Толкын Қадырбаевна түлектер мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, білім шаңырағының мәртебесін  көтеріп жүрген шәкірттер – республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.
 
Салтанатты шарада түлектер дайындаған әндер, мектеп вальсі орындалды. Қияға қанат қаққалы отырған түлектер күміс қоңырауды сыңғырлатты. Алтын ұя мектебімен және аяулы ұстаздарымен қимай қоштасып, қанаты жаңа қатайған жас қырандай алыс сапарларға, асқарлы биіктерге аттанғалы тұрған түлектерімізге Ақ жол,сәт сапар тілейміз
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT