Атырау облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазасын өтеуші тұлғалар арасында өздерімен жасалған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының «Үміт-2020» байқау-конкурсы өткізілді.
Сайыс 5-жасақ арасында өздерімен жасалған қол өнер бұйымдарын мекеме комиссиясына ұсынылып, бағаланды.
«Үміт-2020» байқау-конкурсын өткiзу мақсаты сотталғандарда эстетикалық талғам және қоршаған ортаға қайырымды қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал ететін, сотталғандарда табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнiнде түсiнiктердiң дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.
Жасалған қол өнер бұйымдары Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жолданып, жүлделi орындарға ие болған еңүздiк суреттер мен қолданбалы өнер бұйым иесі ақшалай марапатталатын болады.
Конкурс өткiзiлгеннен кейiн суреттер мен бұйымдар балалар бақшаларына, сәбилер, мүгедектер мен қарттар үйлеріне қайырымдылық ретiнде сыйға берiледi.