Баспасөзге жазылу науқаны басталған сайын тұрақты жанашырларымыз – ауылдық округ әкімдеріне, мекеме-кәсіпорын басшыларына, меселімізді қайтармайтын кәсіпкерлерге, шаруа қожалығы иелеріне аудандағы жалғыз мерзімдік басылым – «Серперге» қолдау көрсету жөнінде үшбу хат жолдаймыз.
Газетке жаздырту жөнінде тұрғын санына қарай болжам белгілеп, орындалысын қадағалауға қоямыз. Обалы не керек, біразы қадери-халдерінше көмек қолдарын созады. Соның арқасында аудандық газет соңғы жылдарда 5000 таралымнан төмендеп көрген емес. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығына белгіленген болжамды елден бұрын Шортанбай ауылдық округі әкімі Ғұмаров Мейіржан орындап мерейімізді өсіріп тастады. Округ бойынша «Серперге» жазылушылар санын бір адамға артық орындап 191-ге жеткізгені жөнінде жеделхатын жолдады. Баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытқан ауылдағы пошта бөлімшесінің меңгерушісі Г.Саламеденоваға, кітапханашы А.Құспантаеваға, ұжымын ортақ іске жұмылдырған Шортанбай орта мектебінің директоры С.Зинуллинаға және аз қамтылған ауылдастарды жаздыртып демеушілік жасаған Р.Абдуловаға үлкен риашылығын білдіріпті. Бәрекелді дейміз байырғы журналистің баласы Мейіржан әкімге!