Мейірімін төккен кеш

(0 Votes)

Жаңа жыл – жұрттың бәрі асыға күтетін, таңғажайыптарға толы ең көңілді мейрамдарының бірі. Бұл күні үлкен-кіші де  мәре-сәре қуанып, бір жасап қалады. Аудандағы мүгедектер қоғамы бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар және ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін «Мейірім төкші жүрекке» атты жаңажылдық мерекелік кеш ұйымдастырды.

Қамкөңіл жандарға шуақ сыйлаған шараны аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Гүлсара Қайырленова бірлестіктің кейінгі кезеңде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан өз орнын табуға тарту, жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған істермен таныстырып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

sz-sjledi

Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Хасанова, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рүстем Нәсиболлаев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің меңгерушісі Анар Мусина жүрекжарды тілектерін білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыстады.

mejirimin-tkken-kesh3

mejirimin-tkken-kesh2

Бұдан соң көңілді шараның көрігі қыза түсіп, ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығып тізгінді алды. Өнерлі балалар ән салып, тақпақ айтып есімі ызғарлы болса да жүзі жылы аталарының қоржынынан тиесілі базарлықтарын алып жатты. Бұл күні жомарт аталары өзге де балаларды сыйлықсыз қалдырмады. Мерекелік кеште демеуші болған аудандық полиция бөлімінің жас буын қызметкерлері, кәсіпкерлердің өкілдері, ерікті жастар сөз алып, құттықтау тілектерін арнады. Аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары кештің көңілді өтуіне атсалысты.

m

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT