«Мейірімі мол жандар»

(0 Votes)

Қамқоршылар күніне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан жандарды қолдау, мәртебесін арттыру мақсатында Н.В. Гоголь атындағы жалпы орта мектепте «Мейірімі мол жандар» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Білім ошағының әкімшілігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балдырғандарға қамқоршы болып жүрген ата-аналарға жауапты істі қолға алғандары үшін алғыс айтып, мектеп директорының алғыс хаты мен естелік сыйлықтар тапсырды. Одан әрі ата-аналар мен ұстаздар арасында бала тәрбиесіне қатысты кейбір ұсыныс-пікірлер талқыға алынды. Қорғаншылар атынан Х.Аюпов, Л.Бисембиева сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

А. Абуғалиева,

әлеуметтік педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521