С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті өтті.
Сахна төрінде «Мейірімді болайықшы адамдар», «Жаңа Қазақстан», «Жақсы адамдарым» әндерін Айна Сатыбалды, Жанболат Кенжеғалиев, Гүлзада Тілегенқызы сынды өнерпаздар орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Бөлім басшысы Зияда Жоламанова балаларға ізгі тілегін арнап, сыйлықтарын табыстады.
Айнагүл Шакупова