Мейірім мен ізгілік мерекесінде

(0 Votes)

1 наурыз алғыс айту күні – мейірім мен ізгілік мерекесі жалпыхалықтық сипатқа ие болып, елімізде ерекше салтанатпен атап өтіледі.

Алғыс айту күні cонау аумалы-төкпелі заманда пейілі кең, дархан қазақ даласына еріксіз қоныс аударып, табан тіреген түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдері Алаш баласына ризашылығын білдірумен келеді. Бұл мейрам – өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Осыған орай, Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің бір топ оқушылары түрлі ұлттардың киімін киіп, редакциямызға қонаққа келді. Мектеп директорының орынбасары Берік Әнесов көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын айтты. Редакция қызметкерлеріне оқушылар жүрек шарларын ұсынып, алғыстарын айтты.

Ары қарай олар полиция, медицина саласы өкілдеріне баратынын жеткізді. Журналистер қауымы да мерекемен құттықтап келіп жатқан жас өрендерге ризашылықтарын білдірді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT