Ауданымызда медресе құрылысы басталды. «Темірәлі» мешітінің жанынан басталған білім ғимараты – діни әлеуетін арттырушы әр шәкіртке дәстүрлі бағытты дәріптеу, жастарды деструктивті жат ағымнан арашалауға бағытталған.
Сонымен қатар, жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыра отырып, алауыздықты болдырмау, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Алайда, тәлім мен тәрбиенің, имандылық иірімдерін үйретіп, Алланың жолын танушыларды дайындайтын бұл медресенің әзір демеушісі жоқ. Қайырымды жандарға мұқтаж. Мұндай сауабы мол жұмысқа жалдамалы қызметкерлер мен «Жасыл ел» еріктілері тартылуда. Әзірге іргетасы ғана көтерілген медресенің қалған құрылыс материалдарын сатып алу үшін қолдағы қаражат жетіңкіремейді.
Құрметті оқырман! Сауапты іске сіз де үлес қосыңыз! Хадисте: «Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады»,-делінген. Сіздің садақаңыз медресенің кірпіші болып қаланарына сенім мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) медресе салу ісін – адам өмірден өтіп кетсе де сауабы үзілмей барып тұратын амалға жатқызған. Ендеше, баршаңызды медресе құрылысына атсалысуға шақырамыз! Алла Тағала разы болсын!
Көмек қолын созамын деген жандарға төмендегі реквизитті қалдырамыз.
KASPI BANK: 4400 4301 2509 2483
+7 702 852 6732 (Қуаныш Камалов)
Көкейкесті сұрақтар үшін «Темірәлі» мешітінің Бас имамы Еламан Бегалиев +7 778 956 22 93 нөміріне хабарласуға болады.
Жайдарлым Қайреден