Ауданымыздың медицина қызметкерлерінің халықтың арасында түрлі дерттердің таралуының алдын алу мен оларды емдеуге, еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі, өркендеу, даму жолы, тағлым тұнған өзіндік тарихы бар.
Осы салада күн-түн демей еңбек етіп, қанатымен су сепкен қарлығаштай талай адамдарды дерттерінен сауықтырған дәрігерлердің есімдері ел есінде. Енді оларды ұрпақ жадында қалдыру, кейінгі жас буын мамандарға үлгі ету біздің олардың алдындағы абыройлы міндетіміз. Осындай мақсатпен аудандық емхананың жоғары қабатынан мұражай ашқалы отырмыз.
Сіздерден, ауданымызда еңбек еткен білікті дәрігерлер мен олардың ұрпақтарынан сақталған жәдігерлер болса, мысалы есімі белгілі медицина қызметкерінің тұтынған құралдары, емдеу ісіне пайдаланған жабдықтары, марапаттары, куәліктері, кітаптары және басқа да дүниелерін мұражайымызға тапсыруларыңызды өтінеміз. Олар мұнда көздің қарашығындай сақталып, халық назарына ұсынылатын болады. Мұражай жасақтауға атсалысуыларыңызды сұраймыз.
Біздің байланыс телефондарымыз: +7775 156 15 52 Нұргүл Орынбекқызы, +7702 8396135 Света Түсалиева.