Медиация күніне орай "Ашық есік күні" өткізілді

(0 Votes)

Медиация күніне орай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» шарасы өтті. 

Оның барысында азаматтарға медиация туралы кеңірек түсіндіріліп, кеңестер берілді. Құрманғазы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында өткен шараға кәсіби емес медиаторлар, полиция қызметкерлері, мекеме қызметкерлері, жастар қатысты. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Елшат Асқар дауларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейтін медиацияның мәні мен мақсатына тоқталды.

Шараға қатысушылар медиацияға қатысты мәселелерді талқылады. Кәсіби емес медиаторлар Гаухария Төкестаева, Бекжан Мұқашев медиацияның қолданылуына байланысты мысалдар келтіріп, тәжірибеде кездескен даулармен бөлісті. Кәсіби емес медиаторлардың айтуынша, оларға көбіне ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылар жүгінеді. Сөйтіп, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысады. Жиын соңында әр түрлі сипаттағы дау-дамайды сотқа дейін шешу тәсілі ретінде медиацияны көпшілікке танымал ету мақсатындағы жұмыстарды әлі де жандандыру қажеттігі тілге тиек етілді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT