Аудандық аналар кеңесі семинар өткізді

(0 Votes)

Бірыңғай республикалық медиация күні қарсаңында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан  әкімі  жанындағы  әйелдер  істері  және демографиялық саясат жөніндегі комиссия,   аудандық  аналар  кеңесінің ұйымдастыруымен  «Медиация негізі - бітімгерлік» тақырыбында семинар өтті.

Оны аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елшат Асқар ашып, мерекемен құттықтады. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова белсенді кәсіби емес медаиторларды сахна төріне шығарып, алғыс хат тапсырды.  Облыстық адвокаттар  алқасының адвокаты, аналар  кеңесі жанындағы Отбасын сақтау  жөніндегі  ресурстық орталығының  жетекшісі Ұлмекен Сапарова «Дауды  шешудің  тиімді  жолы» тақырыбында баяндама жасады.  «Халық  үніне құлақ  асатын  мемлекет» тұжырымдамасын іске  асыру»  туралы баяндама жасау және марапаттау  үшін сөз облыстық «Қоғамдық  келісім» КММ медиация  бойынша үйлестірушісі, кәсіби  емес медиатор Жаннат Асабаеваға берілді.   «Этномедиация:  профилактика и  урегулирование конфликтов  в  межэтнической  среде» тақырыбымен шеберлік сыныбын көрсету үшін сахнаға Член  РОО «Международный Центр   развития  медиации», профессиональный медиатор   суда Международного финансового  центра  «Астана»  и Международного Арбитражного  центра Неледов  Евгений  Александрович шақырылды.  Абай атындағы  орта мектебінің психологі, аналар  кеңесі жанындағы Отбасын сақтау  жөніндегі  ресурстық орталығының  мүшесі Гүлмира Үмбетова «Мектептегі  медиация  жұмысын  ұйымдастыру» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

m

mdeniet-jindegi-shara2

Ашық микрофонға шыққан аудандық соттың судьясы Бейбітгүл Менситова өңірде медиацияның жұмысын жандандыру үшін бітімгершілік орталықты ашудың маңыздылығын айтып, бұл бағытта аудандық сот әкімдікпен меморандумға отырғанын, алайда, іс жүзінде жүзеге аспай келетініне қынжылысын білдірді. Сонымен қатар, ауылдық округтерде осы тақырыптағы билбордтарды ілу қажеттілігін айтып, өйткені, қарапайым халықтың әлі де медиация жөнінде толыққанды түсінігі жоқтығын жеткізді. Семинарды қорытындылаған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова өңірге қарасты 23 кәсіби емес медиаторларды оқыту, психологтар тарту сынды бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.  

mdeniet-jindegi-shara

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT