Мәдениет және Өнер қызметкерлері күнінде аудан руханиятының дамуы мен өрістеуіне елеулі үлес қосып жүрген С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлері құрметке бөленіп, мерекелік мәртебелі марапаттармен ұлығыланды.
Мекеме басшысы Жалғас Сабыржанұлы барша әріптестерді кәсіби датамен құттықтап, марапаттау рәсімін жасады. Алғашқы лекте биыл зейнеткерлік жасқа шыққан, мерейлі жас иелері: қобызшы Гүлмира Ғалымжанқызы “Құрманғазы ауданың 95 жылдығы” төсбелгісімен, “Толқын” халықтық вокалды-аспапты ансамблінің көркемдік жетекшісі Халижан Тукасұлы аудан әкімінің алғыс хатымен және ұжымдастар атынан құттықтау хаттармен марпатталды.
Бірнеше жыл бейнеоператор қызметін мінсіз атқарып жүрген әріптесіміз Болат Рахметұлына да “Құрманғазы ауданының 95 жылдығы” төсбелгісі тағылды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының алғыс хатын шығармашыл мамандар Нұрхат Бралин, Жабай Тәжібаев, Заря Қуанышқызы, Ниетқали Мукушев, Рүстем Тоқаев, толыбай Қажыгереев, Мейіржан Ихласов, Гүлбақыт Ермұратова, Айжанар Ғапуова иеленді.
Аудан әкімінің алғыс хатымен қарапайым еңбеккерлер Владимир Филиппов, Гүлжеміс Жумкалиева, Данагүл Шамханова, Мақсат Назаров ұлықталды.
Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының алғыс хаты, Кәсіподақ ұйымының “Құрмет Грамотасы” және “Алғыс хаты”, аудандық мәдениет үйі директорының алғыс хаты бірқатар жас мамандар мен қызметкерлерге салтанатты табысталды.