Жолдауда цифрлық дәуірде мәдениетіміз бен ана тілімізді дамыту мәселесі назардан тыс қалмағаны қуантады. Цифрландыру арқылы қазақ тіліндегі контентті көбейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи мұраларды сақтап қалу мүмкіндігі зор. Жасанды интеллектті тек ғылым мен техникаға ғана емес, мәдениет пен тілдің өркендеуіне пайдалану – келешек ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Бұл – ұлттық болмысымызды заманауи үлгіде сақтаудың жолы.
Азамат Абдуллаев,
“Құрманғазы - туған жер” қоғамдық қорының жетекшісі