Маңызды науқанға мән берілсе…

(0 Votes)

Бұл сайлау алдыңғыларға қарағанда сәл өзгерек. Өйткені бүгінгі күні шығып қалған аудандық мәслихаты депутаттығына жаңа үміткерді таңдайтын боламыз.

Өзім осы сайлауда учаскелік комиссияның төрағасы болып мойныма үлкен жауапкершілік алып отырмын. Бұрындары қарапайым сайлаушы ретінде учаскеге қалаған уақытымда келіп таңдауымды жасайтынмын. Бұған дейін ертемен, түске таяу, тіпті кеш батарда да барған кездерім болды. Әйтеуір бір соғып кететінмін. Себебі мен үшін де тәуелсіз Қазақстанның болашағы бәрінен маңызды. Қай уақытта халықтың белсенділігі артады ол жағы да мен үшін беймәлім. Бірақ Бұзауслан ықшам ауданының біраз тұрғындарының дауыс беріп кеткендігін көргенде риза болғанымды жасырмаймын. Көпшілігі орта жастан асқан адамдар екен, енді өзім тұрғыластар, яғни жастар көбірек келсе деймін. Әр адамның дауыс беруге келуі өз еркінде, алайда әрбіріміз азаматтық борышым деп біліп саналылық таныта білсе екен.

Қайыржан Бауыржанұлы, 172 санды учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT