Бөлім бастығы майор Е.Мухамбеталиев – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының тиылмай отырғандығын қаперледі.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полецейі, полиция аға лейтенанты А.Каримов – өз кезегінде 2020 жылдың жыл басынан бері ауданда жол-көлік оқиғалары бойынша орын алған әкімшілік-қылмыстық фактілерге тоқталды. Өткен жыл бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы санының 87 пайызы жол қозғалысы ережелерін бұзу үлесіне жататыны белігілі болды. Ауа-райының қолайсыз күндері көлік құралдарын пайдаланудың ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігін қаперледі. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін, құқық бұзушылықтарды жасырғаны үшін әрбір лауазымды тұлғаға жауапкершілік көзделетінін жеткізді. Алкогольдік (есірткілік) мас күйінде көлік құралын басқарумен жүргізуші куәлігінен айырылған жағдайда қазіргі қолданыстағы өзгеріске енген заңдылықтарға сәйкес әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың аталмыш баптарымен жазаға тартылатыны жөнінде айтып берді. Соның ішінде жаңадан өзгеріске енгізілген 611, 612, 613, 619-1, 345-1, 346 баптарына тоқталып, түсінік берді. Сондай-ақ, лауазымды тұлға жол-көлік ережелеріне сәйкес нормативтік құжаттарды айта келе жол-қозғалыс ережелерін, жаяу жүргіншілердің ережелерін сақтауды, қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік танытуға шақырды.
Әуесқой автомобильшілері қауымдастығының хатшысы А.Шарипов – «жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысынан үзінді келтірген конспектіні оқыды.
Қызметтік уақытта немесе қызметтен тыс уақытта өз жеке меншік автокөлік құралдарын басқару кезінде алкогольдік, уытқұмарлық, масаң күйінде басқару кезінде ұсталған жағдайда және оны тиісті деңгейде уақытылы жоғары уәкілетті органға баяндамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке немесе қызметінен босатуға құжаттары жиналатындығы қаперге алынсын – деген жиналыс соңында хаттамалық шешім қабылданды.
А.Салахиденова,
аудандық ҚІЖБ-нің қызметкері