Маржан - Қазақстан чемпионы

(1 Vote)

Жамбыл облысы, Шу қаласында үстел теннисінен осы өңірге танымал спортшы болған марқұм Мұрат Бисеитовті еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир мәресіне жетті.

Аталған жарысқа ауданымыздан барып қатысып, бағын сынаған Маржан Берікқызы Болатбекова турнирдің жеңімпазы атанды. Жарыс барысында жас теннисшіміз еліміздің Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Астана қалаларынан келген тұрғыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Маржан – Атырау топырағынан алғаш шығып тұрған үстел теннисі турнирінің жеңімпазы. Теннис үстелі үстіндегі тартыста үздік шыққан жас жерлесімізді аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Марат Джанханов пен Мерей Уахашев дайындап алып барды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT