Марат Мурзиев –«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті.  Оны «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.

 – «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына 2056 партия мүшесінен конференцияны өткізу өкілеттілік нормасына сәйкес  50 партия мүшесінен 1 делегат ұсынып, бүгінгі конференцияға   «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Арман Азаматов, 41 делегат, аудандық филиалдың саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, жастар қатысып отыр.  Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  М.Танауовтың 26 наурыз №5 қаулысына сәйкес конференцияны онлайн форматта өткізу ұсынылды. Онлайн режимінде 30, оффлайн түрде  11 делегат қатысуда, - деді. Қазақстан Республикасының  Әнұраны орындалғаннан кейін, мандат комиссиясының төрағасы Ернар Боранғалиев хабарлама жасады. «Nur Otan» партиясының орталық  аппаратының келісімі бойынша «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы Мурзиев ұсынылды. Конференция делегаттары мен қонақтары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Өз кезегінде Марат Бисенғалиұлы көрсетіліп жатқан сенімге ризашылығын  білдіріп, алда атқаратын міндеттерді саралады.

partiyaa-otti

А.Шакупова     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521