Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындары, қадірменді жамағат!
Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! «Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі.
Ораза айты адамдарды өзара сыйластық пен мейірімге, ізгілік пен кішіпейілділікке, бауырмалдылық пен кешірімділікке шақырады. Жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы – қасиетті Рамазан айында тілеген тілектеріңіз, оқыған дұғаларыңыз, жасаған жақсы істеріңізді Алла тағала қабыл етіп, сауапқа жазғай!
Дендеріңізге саулық, отбасы амандығын тілеймін. Алла тағаланың ізгілігі үшін жасаған құлшылықтарыңыз бен шынайы тілеген тілектеріңізді жаратқан ием қабыл етсін!
Марат МУРЗИЕВ,
Құрманғазы ауданының әкімі