Марат Хасанов құрманғазылықтарды айтулы мерекемен құттықтады

(0 Votes)

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының жарастығы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі болып табылады.

Жыл сайын көктеммен бірге келетін мерейлі мереке ауданымыздағы түрлі ұлттың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол. Атап айтқанда, біздің елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміздің болашағы жарқын, мәртебесі жоғары.

Ардақты ағайын!

Әрбір шаңыраққа шаттық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілеймін! Тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!

Марат ХАСАНОВ,

Құрманғазы ауданы әкімінің

міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT