Марапаттар табыс етті

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округінде өткен қабылауда округ тұрғындары Өмірзақ Бекенов, Хабиболла Шарапов спорт кешенін салу, тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, ауыз сумен қамту, Жыланды ауылына да маршруттық автобус шығару және басқа да мәселелерді көтерді.

Округ әкімі Оралбай Әзімов алдағы жасалғалы тұрған жұмыстардан хабардар етіп, жоғарыдағы сұрақтар бойынша жауап берді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов ұсыныс-пікірлер іс-шара жасақталғанда ескерілетінін қаперге берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында ауылдық мәдениет үйінде өткен «Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз» атты салтанатты шарада аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтау сөз сөйлеп, депутаттардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелерді шешудегі, ел игілігін еселей түсудегі орынына лайықты баға берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өзіндік елеулі үлесі үшін Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен Ғалымжан Сабиров, Мерует Олжабаева, Зоя Ұзағалиева, Әміржан Бигелденовті, аудан әкімінің Алғыс хатымен Қазима Қабдолова, Сағатбай Сатиков, Әмірхан Сарбалин, Күләш Шотпаева, Сәния Алдамжарованы ұлығылады.

marapattaldy1

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов  өкілетті органның тарихы, жұмысы жайлы қысқаша хабарлама, марапаттаулар жасады. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет», «Ұлт даңқы» ордендерінің иегері Сабыржан Сұлтанов дыңғызылдықтар атынан сөйлеп, қатысып жатырған аудан әкімі Марат Мурзиевке, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов бастаған халық қалаулыларына ризашылығын білдірді. Шара барысында аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT