Марапаттар табыс етті

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалында кезектен тыс Президент сайлауына белсенділікпен қатысқан штаб мүшелерін, белсенді жастар мен байқаушыларды Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарымен марапаттау шарасы өтті.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының  атқарушы директоры Өмірболат Есенғазиев:

– Кешегі сайлауда штаб мүшелері әлеуметтік  желіге  6 мың пост жазыпты. Бұл керемет! Барлық штаб мүшелеріне, байқаушыларға, белсенді жастарға, уақытпен санаспай еңбек еткен өзімнің аппаратымның 3-4 адамына  ортақ іске қосқан зор үлесі үшін ризашылығымды білдіремін! Біз бір-бірімізді түсіне білетінімізді көрсеттік. Сайлаудың өз дәрежесінде өтуіне атсалысамыз  деп ерікті түрде штаб құрамына кірген Берік Әнесов пен Рафхат Мұқашевке де алғысымды жеткіземін! Оларға да Президентіміздің Алғыс хаты келіп тұр, - деп Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарымен бір топ адамды марапаттады.

barlyy-marapattaldy

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Қазиханов:

– Алғаш рет сайлауға қатысып жатырмын. Еңбегімді бағалап, марапатқа ұсынып жатырғандарыңыз үшін рахмет! Өмірболат Өтегенұлы бізге бағыт-бағдар сілтеп отырғаныңызға  және аудандық штаб мүшелеріне, 35 ерікті белсенділерге  берілген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін! Жаңа Қазақстан құрылатынына біз сенеміз, – деді.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жұмақай Ғұмаров:

– Кезінде ауданымызда «Отан» партиясының филиалын  Өмірзақ Зинуллин екеуіміз бірге құрып едік. Жылдар өтіп осындай іргелі саяси партияға айналды. Кешегі сайлауда да қатынас жағынан Қызылқоға ауданынан кейін тұрмыз. Қай сайлауда да құрманғазылықтар жақсы жұмыс жасайды. Бұл елдің бірлігінің көрінісі, - деп жастардың белсенділік танытқанына сүйсінді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов депутаттар атынан сөйлеп өз ризашылығын жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT