Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай, округтің іс-шара жоспарына сәйкес, Орлы ауылдық округ әкімі Ж.Бектемиров, мәдениет үйі директоры Н.Утегенов, мектеп директоры Р.Мукушев пен ауған ардагерлері Г.Жұмашев, С.Мұфтахов округте туылып, өмірден өткен ауған жауынгерлері Хасанов Қадырғали, Сисенов Марат, Хайдаров Серіктің бейіт бастарына барып құран бағыштады.
Содан соң, Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі кітапханасында “Бейбіт елдің батырлары” атты мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Мәдениет үйі залында “Ауған ардагерлеріне тағзым” атты мәдени шарамен жалғасын тапты.
Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, өмірден озған жауынгерлерге 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Құттықтау сөз округ әкімі Ж.Бектемировке ұсынылып, шақырылған екі ауған жауынгері Серік Мұфтахов пен Жұмашев Гарифоллаға алғыс хаты мен сый-сияпатын жолдады. Шара өнерпаздардың ән шашуларымен жалғасын тауып, екі ауған ардагері де сөз алып, өз ризашылықтарын білдірді.
ЕЛЕНА КУАНЫШКАЛИЕВА