М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау- келешекті таңдау» атты мамандық иелерімен кездесу өтті.
Оған арнайы қонақ ретінде аудандық полиция бөлімінің подполковнигі Жарас Мнафихұлы мен кадр саясаты тобының инспекторы,полиция лейтенанты Роман Серікұлы шақырылды. Меймандар қиын да қызықты полицейлердің қызметтік өмірін, аталмыш саланы таңдаушы үміткерлерге қойылатын талаптарды және оқу барысы туралы түсінік беріп, іс-қимыл алгоритмі жайында шәкірттерімізге кеңінен түсінік берді. Тәртіп сақшыларымен ұйымдастырылған бұл жиын жас жеткіншектерге өнегелі ой саларлық, мазмұнды ақыл-кеңестері толы болды. Шараға қатысушылар көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алып, болашақ мамандығын таңдауға септігін тигізуден шаршамаған ағаларына ризашылығын білдірді.
Берік Анесов,
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары