Мамандық таңдау – маңызды іс

(0 Votes)

Күні бүгінде Қазақстанда мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау қызметінің мамандарын даярлайды.

Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа дейінгі және 17 жасқа толған ер балалар қабылданады. Олар оқу мерзімінде ақысыз киім-кешекпен, тамақтанумен, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертификаты негізінде қабылданады. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың институттағы күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі.

Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Құрманғазы ауданы, М.Қабдолқызы көшесі, 202 мекен жайындағы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізді немесе 2-11-44 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуыңызға болатынын қаперлеріңізге береміз.

 

Ақгүл Әлібекқызы,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521