МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

(0 Votes)
Бүгінде Қазақстанда мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы азаматтық қорғау қызметінің мамандарын даярлайды.
 
Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа дейінгі және 16 жасқа толған ер балалар қабылданады. Тыңдаушы барлық оқу мерзімінде ақысыз киім-кешекпен, тамақтанумен, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезінде жолақысы төленеді. Оқу орны Көкшетау қаласында.
 
Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертифтикаты негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде таңдау пәні физика болуы қажет. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың академияда күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыға азаматтық қорғау лейтенанты атағы беріліп, түлектердің әрқайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады.
 
Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Құрманғазы ауданы, М.Қабдолқызы көшесі, 202 мекен жайындағы Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізге немесе 2-11-44, +7 7783196474 нөмірлері арқылы хабарласып, кеңес алуыңызға болатынын қаперлеріңізге береміз.
 
Е. Габдулмажитов,
Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521