"Мал ұрысы" жедел профилактикалық шарасы өткізіледі

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы көлемінде мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 15-18 аралығында "Мал ұрысы " жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараға Полиция бөлімінің барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу фактілері бойынша тексеру жұмыстары атқарылуда. 2020 жылдың қазан айынан бастап ауыл шаруашылық жануарларын жаюдың тәртібі белгіленді. Бұл талапты бұзған мал иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 408-бабымен әкімшілік жаза қарастырылған (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу).

Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады.

Бұған қоса, тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды. Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады. Осылайша, мал ұрлығы қылмысын жедел түрде ашуға мүмкіндік болмайды. Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр.

Алайда, бұл жеткіліксіз. Төрт түлігін түлетіп, содан ризығын айырып келе жатқан өңір тұрғындары жауапкершілік танытулары қажет екендігін ескертеміз.

Құмарғалиев Әліби Альбертұлы, Құрманғазы АПБ-нің КПБ- нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT