Мал маманының мәртебесін биіктетіп...

(0 Votes)

Құрманғазы өндірістік кооперативі аудандағы ауыл шаруашылығымен айналысатын іргелі ұжымдардың бірегейі.

Атырау облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаты Сабыржан Сұлтанов басқаратын кооперативте 10 мыңнан аса қазақтың асыл тұқымды еділбай тұқымды қойы, 300-ге тарта айыр өркешті бактериан түйесі өсіріледі. Малды асылдандыру ісімен бірнеше жылдан бері нәтижелі шұғылданатын ұжымда еділбай қойының ақ жүнді «аққарабас», қара және қызыл жүнді «құрманғазылық» зауыттық түрі, ал түйеден Бөкей тұқымішілік сүлесі және екі бура желісі шығарылды. Бұл көп жылғы асылдандыру-селекциялық жұмыстардың, ізденіске толы ғылыми еңбектердің арқасында жеткен жетістік. Ұжымның осынау табыстарға жетуіне білікті селекционер-зоотехник Меңжан Меңдешовтің де сүбелі үлесі бар.

3716189c-17ef-4832-b479-15bee026985e

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі белгілі мал маманының мерейлі 70 жасқа толуына байланысты ұзақ жылғы жемісті еңбегін ескеріп қабылдауын өткізді. Бөлім басшысы Асқар Мұфтах Меңжан Мирманұлының «Партияның ХХV жылдығы» атындағы кеңшарда зоотехник болып бастаған, Құрманғазы атындағы кеңшарда, оның ізінде құрылған шаруашылықта ферма меңгерушісі, бригада жетекшісі, бас селекционер-зоотехник, мал шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жалғасқан еңбек жолымен таныстырды.  Мерейгердің еселі еңбегіне орай алған марапат-мадақтарын тізбелеп, азаматтық келбетіне тоқтала келе, бөлім атынан Алғыс хатты табыстады. Қабылдауда аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, Құрманғазы ӨК төрағасының орынбасары Алтын Абуева, аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы Данабай Өтегенов сөз алып, мерейгерді өз мамандығының майталманы ретінде сипаттады. Құрмет иесі де көрсетілген ілтипатқа үлкен ризашылығын білдірді.

 

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521