“Махмудова Б.Қ.” жеке кәсіпкерлігінің 20 жылдығы аталып өтті

(0 Votes)

Думан Плаза” тойханасында Бақтылы Құспанғалиқызының жеке кәсіпкерлігінің құрылғанына 20, “Бақтылы-нан” отбасылық бизнесіне 5 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

 Алдымен аудан тұрғындарын нан, кондитер өнімдерімен, 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған отбасылық бизнес иесі Бақтылы Махмудова жұбайы Сәлім аға екеуі ұрпақтарымен бірге қош келдіңін айтып, шараның сәтті өтуін тіледі. Лед экран арқылы жеке кәсіпкерліктің құрылу, қалыптасу, өрлеу жылдары бойынша шағын бейнесюжет көрсетілді.

Одан кейін үздік қызметкерлерге түрлі номинациялар табысталды. Ардагер апайларға, қолдау білдірген кәсіпкерлерге, ұзақ жыл бірге қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқан озат еңбеккерлерге құрмет көрсетілді.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтау тілегін білдіріп, сый-сияпатын ұсынды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Құрманғазы аудандық филиалының директоры Әнуарбек Сәбитов, Бірлік ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Дәрелов, бірге қызмет атқарған Гүлфара Өтемісқызы жүрекжарды лебіздерін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT