Махамбет – республикалық олимпиада жеңімпазы

(0 Votes)

20-22 қараша аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында «Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) республикалық оқу семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде олардың біліктілігі мен дағдыларын арттыру.

Оқу семинарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 160-тан астам мұғалім қатысты. Олар әртүрлі тақырыптар бойынша түрлі деңгейдегі математикадан олимпиадалық есептерді шешудің тиімді әдістерін игерді. Аталған оқу семинары аясында 22 қараша күні қатысушылар математика мұғалімдерінің «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасында бақ сынады.

«Жүзден жүйрік озады жарысқанда» дегендей, білім сайысында көп кешікпей-ақ алғашқы бестік анықталды. Оған ауданымыздағы ғасырға жуық тарихы бар Абай атындағы жалпы орта мектебінің жас ұстазы Махамбет Нысанбайұлының да енгені көңіл қуантады. Жас болғанымен жерлесіміз өзінің білімі мен біліктілігін дәлелдеп ІІІ орынды иеленді. Есептің жілігін шаққан жүздің үстінде қатысушының арасынан мұндай жетістікке жету үлкен абырой. Махамбетке шығар биігің, алар асуларың көп болсын дейміз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT